Бизнестің жол картасы - 2020

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бағыттары

 

1 бағыт

Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау дегеніміз жаңа жобаларды іске асырушы немесе жаңа жобаларды іске асыруды, сонымен қатар экономиканың басым секторларындағы өндірістерді жаңартуға және ұлғайтуға бағытталған жобаларды қолдауды жоспарлап жүрген кәсіпкерлерге жеңілдік көмек көрсетілуін қарастыратын шаралар кешені. Егер кәсіпкер осы талаптарға сай келетін болса, онда ол мынадай:

  • кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау*;
  • кредит бойынша ішінара кепілдік беру*;
  • өндірістік (индустриалдық) инфра құрылымды дамыту;
  • бизнес жүргізуге сервистік қолдау көрсетілу;
  • кадр дайындауға, жастар іс-тәжірибесі мен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру (2011 жылдан бастап) сияқты көмек түрлеріне қол жеткізе алады.

* Кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау Бағдарламаның барлық үш бағыты бойынша жүзеге асырылады.

* Кредит бойынша ішінара кепілдік беру тек бірінші бағыт бойынша – жаңа бизнес-бастамаларды қолдау , яғни жаңа кредит алған кезде ғана жүзеге асырылады .

«Жол картасы» аясындағы субсидия дегеніміз бұл бюджеттен өтеусіз негізде берілетін несие бойынша сыйақының бөлігі. Субсидиялау Банктердің жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру үшін берілген жаңа кредиттері бойынша, сонымен қатар экономиканың басым секторларындағы өндірістерді жаңартуға және ұлғайтуға бағытталған қолданыстағы жобалар бойынша жүзеге асырылатын болады.

Жаңа кредиттерге Банктерден жаңа инвестициялық жобаларды, сонымен қатар экономиканың басым секторларындағы өндірістерді жаңартуға және ұлғайтуға бағытталған жобаларды іске асыру үшін 2010 жылғы 1-қаңтардан бастап берілген кредиттер де жатады .

Жаңа жобалар бойынша субсидиялау мерзімі 1 (бір) жылдан 3 (үш) жылға дейін, кейіннен 10 (он) жылға дейін ұзартылуы мүмкін.

Бір Кәсіпкер үшін субсидияланатын кредит сомасы бір жоба шеңберінде 3 млрд теңгеден аспауы тиіс. Бұл жерде кредит сомасы, Кәсіпкермен үлестес тұлғалар/компаниялардың кредиті бойынша берешегі есепке алынбай саналады. Егер кредиттің/Кәсіпкердің жеке жобасына берілген негізгі қарыз бойынша берешегінің жалпы сомасы 3 млрд. теңгеден асып кетсе, Кәсіпкер субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдауды 3 млрд. теңгелік бір жобасына ғана алуға құқылы.

2010 жылы жылдық номиналды ставкасы 12%-дан аспайтын кредиттерге субсидия бөлінеді, оның 7% -дан аспайтындай мөлшерін Кәсіпкер төлейді, ал 5%-н мемлекет өтейді. Кредит бойынша сыйақының жылдық номиналды ставкасы 12%-дан төмен болған жағдайда, 5%-ын мемлекет өтейді, ал айырмашылығын Кәсіпкер төлейді.

Кәсіпкер сыйақының жылдық номиналды ставкасын 12%-ға дейін төмендету жөнінде Банкпен келіскен жағдайда ғана 2010 жылдың 1-қаңтарынан бастап жылдығы 12%-дан жоғары мөлшерлеме бойынша берілген қолданыстағы кредиттер үшін субсидия алуына болады.

Банк субсидиялау кезінде кредитке байланысты ешқандай комиссия, алым және/немесе өзге төлемдер өндіріп алмайды. Тек:

  • кредиттеу шарттарының Кәсіпкердің бастамашылығымен өзгеруіне байланысты;
  • кәсіпкердің кредит міндеттемелерін бұзу себебіне байланысты өндіріліп алынатын комиссия, алымдар және/немесе өзге төлемдерден басқа .

Кәсіпкер жобаның жалпы іске асырылу құнының 15%-нан төмен болмайтын деңгейде өз қаражатымен (ақшалай) немесе 25%-нан кем болмайтын мөлшерде мүлік түрінде жобаның іске асырылуына қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.

Субсидия беру механизмі мынадай кезеңдерден тұрады :

  1. Кәсіпкер жаңа кредит алу үшін немесе қолданыстағы кредит бойынша субсидия алу ниеті туралы және де субсидиялау мақұлданған жағдайда кредит сыйақысының мөлшерлемесін төмендету туралы банкке өтініш жасайды ;
  2. Банк кредит беру / кредит сыйақысының мөлшерлемесін төмендету туралы оң шешім шығарған жағдайда, Кәсіпкер жергілікті деңгейдегі жергілікті атқару органына (ЖАО) яғни Үйлестірушіге (Әкімдік жанындағы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына) өтініш етеді;
  3. ЖАО барлық құжат пен ақпаратты алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жобаны Аймақтық үйлестіру кеңесінің (АҮК) қарастыруына шығарады.
  4. АҮК субсидиялаудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды, сосын АҮК отырысы өткізілген күннен бастап, 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделінеді , және хаттамада жобасы мақұлданбаған жекелеген Кәсіпкерлердің қатыстырылмау себептері міндетті түрде көрсетілуі тиіс ;
  5. ЖАО АҮК хаттамасы әзірленгеннен кейін мақұлданған жобалар тізбесін 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

- Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне – ЭДСМ -ге (мақұлданған жобалардың Бағдарламаның талаптарына сәйкестігін тексеру үшін);

- Банктерге және «Даму» Қорына (Кәсіпкермен Субсидиялау шартын жасасу жөніндегі дайындық іс-шараларын өткізу үшін) жібереді ;

  1. ЭДСМ АҮК хаттамасы мен Кәсіпкерлер бойынша (мақұлданған/бас тартылған ) құжаттар пакетін алған соң жекелеген жобаларды бекітеді я болмаса оларды құптамайды және қабылданған шешімді ЖАО назарларына жеткізеді;
  2. Жергілікті деңгейдегі ЖАО Кәсіпкер жобасының бекітілгені жайлы ЭДСМ-нен хат алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде барлық Кәсіпкерлерді қабылданған шешім туралы хабардар етеді;
  3. Банк Кәсіпкер жобасының бекітілгені жайлы ЭДСМ-нен хат алғаннан кейін Банк пен Кәсіпкер және «Даму» қоры арасында үшжақты субсидиялау Шарты жасалынады;
  4. Жергілікті деңгейдегі ЖАО ЭДСМ-нен келісім хатын алған соң «Даму» Қорына 2010 жылы Бағдарламаны іске асыру үшін бөлінген қаражаттың 30%-ы мөлшеріндегі соманы аударады. Одан кейінгі аударымдар төлемдердің келісілген кестесі бойынша жүзеге асырылады;
  5. Банк бекітілген субсидиялау Шарттары бойынша субсидия сомасын аудару үшін «Даму» Қорына жаңа есеп шот ашады. Банк «Даму» Қорының жаңа есеп шотынан субсидия сомасын есептен шығарып отырады;
  6. Субсидиялауға қарастырылған қаражатты «Даму» Қоры Банктегі жаңа есеп шотқа тоқсан сайын алдын ала төлем түрінде келер тоқсан басталғанға дейін аударып отырады;
  7. Кәсіпкер субсидияланбайтын сыйақының бөлігін Банкке банктік қарыз Шартында көрсетілген кестеге сәйкес төлеп отырады;
  8. Кәсіпкер сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін төлеген соң Банк Кәсіпкердің субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін жабу үшін «Даму» Қорының жаңа есеп шотынан субсидияланатын соманы есептен шығарады.
  9. Егер Кәсіпкер өзінің кредиті бойынша төлемдерін, оның ішінде субсидияланбайтын сыйақы мөлшерлемесінің б өлігін төлеуді кешіктірсе, Банк «Даму» Қорының жаңа есеп шотынан Кәсіпкер қарызын төлегенге дейін қаражат алмайды, және бұл туралы «Даму» Қорын құлағдар етеді (субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданбаған жағдайда).

Қаржы агенті:

  • субсидияланатын кредиттің мақсатсыз пайдаланылуы ;
  • Кәсіпкердің Банктік қарыз шартына сәйкес төлем кестесіне сай Банк алдындағы төлемдерін төлеу жөніндегі міндеттемелерін 3 (үш) ай бойы орындамау фактілері анықталған жағдайда, Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтататуға құқығы бар.

Субсидиялауды тоқтату Кәсіпкер Банк алдындағы кредитін мерзімінен бұрын және толығымен өтеген жағдайда тоқтатылады, сондай-ақ, ЖАО немесе «Даму» қоры берген өтініш/хабарлама негізінде ЭДСМ-мен келісілген АҮК шешіміне сай тоқтатылады.

Кепілдік беру ішінара болып табылады және кепілдік шарты кредит сомасының 50% аспауы шарт, яғни бір Өтініш берушіге 1,5 млрд теңгеден аспайтындай болуы қажет. Қор кепілдігін беру Өтініш берушінің кредит шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуының қамтамасыз етілуі жөнінде Қо р , Банк және Өтініш беруші арасында үшжақты Кепілдік шартын жасасу арқылы жүзеге асырылады. « Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» атты Бағдарламаның бірінші бағыты аясында Банктер беретін кредит бойынша ішінара кепілдік берудің басты шарттарына мыналар жатады:

1. Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін және өндірісті жаңғыртуға және ұлғайтуға бағытталған жобалар бойынша жаңа кредиттер сегменті;

2. Кепілдік берілетін кредит сомасы – Кәсіпкердің жекелеген әр Жобасы үшін 3 млрд теңгеден аспауға тиіс. Бұл жерде кредит сомасы, Кәсіпкермен үлестес тұлғалар/компаниялардың кредиті бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі. Егер кредиттің/Кәсіпкердің жеке Жобасына берілген негізгі қарыз бойынша берешегінің жалпы сомасы 3 млрд. теңгеден асып кетсе, Кәсіпкер ішінара кепілдендіру түріндегі мемлекеттік қолдауды 3 млрд. теңгелік бір Жобасына ғана алуға құқылы.

3. Кепілдік беру мерзімі 10 жылдан аспауы тиіс;

4. Өз қаражатымен қатысу – Кәсіпкер жобаның жалпы іске асырылу құнының 15%-нан төмен емес мөлшерде ақшалай немесе 25%-нан кем болмайтын мөлшерде мүлік түрінде жобаның іске асырылуына қатысуын қамтамасыз етуі тиіс;

5.Кепілдік мөлшері кредит сомасының 50% аспауы тиіс.

Қазақстан Республик асы Үкіметінің 31.12.2008 ж . № 1344 Қаулысына сәйкес мониторинг жүргізілуі тиіс ірі салық төлеушілер Тізбесіне енгізілген минералды шикізаттарды өңдеумен айналысатын металлурги я секторы кәсіпорындарының Жобаларына; акцизделетін тауарларды шығаруды көздейтін Жобаларға; субсидияланатын ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуді көздейтін Жобаларға қаржы ұйымдары беретін кредиттерге кепілдік берілмейді.

Бағдарламаға қатысу үшін Кәсіпкер өз қызметін Бағдарламада анықталған экономика секторларының бірінде жүзеге асыруы тиіс. Жобаларды Аймақтық үйлестіру кеңесі қарастырған кезде әрбір аймақ үшін экономиканың басым секторларына және жергілікті даму бағдарламаларына сәйкес, аймақ үшін мейлінше маңызды болып табылатын жобаларға артықшылық берілетін болады.

Ішінара кепілдік тек жаңа кредиттерге ғана беріледі. Кредиттің нысаналы мақсаты – негізгі қор сатып алу және/немесе жаңғырту , соның өзінде кредит сомасының 20% айналым қаражатын толықтыруға жіберілуі мүмкін .

2 бағыт

Қаржылық сауықтыру «Бизнестің жол картасы - 2020» Бағдарламасының екінші бағыты болып табылады, оған сәйкес, қолданыстағы кредит бойынша сыйақы жылдық мөлшерлемесі 12%-дан аспауы керек, осы мөлшерлеменің 5%-ын мемлекет субсидиялайтын болады, қалған бөлігін борышкер-Кәсіпкердің өзі төлейді. «Даму» Қоры осы шығыстарды мемлекет қаражаты есебінен айсайын тікелей Банкке аударып отырады. Бұдан бөлек, борышкер-Кәсіпкер салық берешегін (жеке табыс салығынан бөлек) өтеу бойынша мерзімін шегеруге өтінім бере алады. Ол сонымен қатар қаржы-экономикалық сауықтыру жоспары аясында жоспарға енгізілген, оның ішінде Қазақстан Қор биржасындағы облигациялар бойынша ішкі кредиторлар алдындағы берешектеріне қатысты өзге іс-шаралар бойынша да қолдау ала алады.

Екінші бағыт шеңберінде борышкер-Кәсіпкерлер мынадай бағдарламаларға қатыса алады:

• Бір кредит желісі аясында бұрыннан бар және жаңа берешек бойынша пайыздық ставканың бір бөлігін субсидиялау;

• Төлемақы өсімін есептеместен 3 жыл мерзімге дейін салық төлемі бойынша берешегін (жеке табыс салығынан бөлек) шегеру;

• Қаржы-экономикалық сауықтыру жоспары аясындағы өзге іс-шаралар

Бағдарламаға кім қатыса алады:

  • Тұрақтандыру және Дағдарысқа қарсы бағдарламалар аясында екінші деңгейдегі банктер арқылы мемлекеттен қаржылық қолдау алған борышкер-Кәсіпкерлер;
  • экономик аның сектор ларында жұмыс істеп жүрген (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес (одан әрі – ЭҚЖС) борышкер-Кәсіпкерлер Бағдарламаның қатысушылары бола алады.

Минералдық шикізат өңдеуші металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары, сонымен қатар қаржы-экономикалық ахуалдары және кредиттері бойынша толық ақпарат беруге келіспейтін кәсіпорындар, сондай-ақ қаржы-экономикалық сауықтыру жоспарын өз кредиторларымен келіспеген кәсіпкерлер жобаға қатыса алмайды. Екінші бағыттың басты шарты қарыз алушы өзі кредит алған банкпен немесе бірнеше банктермен тіл табысуы тиіс. Қазақстан қаржыгерлер Қауымдастығы жанынан орын алған берешек туралы толық ақпаратты және қаржы-экономикалық сауықтыру жоспарын тапсыратын Кредиторлар комитеті құрылады. Жоспарды кредиторлармен келіскеннен кейін борышкер-Кәсіпкердің құжаттары «Даму» Қорына жіберіледі, оның негізінде Қор ЭДСМ - ге ұсынылатын ұсыныс әзірлейді, олар өз кезегінде ұсыныстар негізінде құжаттарды екінші бағыт бойынша «Бизнестің жол картасына» кіретін борышкер-Кәсіпкерлердің жобасын іріктеуді жүзеге асырушы Экономиканы жаңғырту жөніндегі Мемлекеттік комисси яның қарауына жібереді. Мемлекеттік қолдау көрсету шараларын қабылдау жөніндегі ақырғы шешімді Экономиканы жаңғырту жөніндегі Мемлекеттік комисси я қабылдайды

Қазіргі күнге банктер екінші бағытқа (қаржылық сауықтыру) сай келетін борышкер-Кәсіпкерлерден өтінім жинауда. Қаржылық сауықтыруға ұсынылған Жобалар саны туралы толық ақпарат 2010 жылдың соңына қарай белгілі болады. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша қолдауға жобаларын агроөндіріс кешенінде, жеңіл өнеркәсіпте және жиһаз өндіруде, құрылыс материалдары мен металл емес өзге өнім өндіруде, химия және фармацевтика өнеркәсібінде, тамақ өнеркәсібінде, машина және жабдықтар өндіруде іске асырып жүрген борышкер-Кәсіпкерлер ғана ие бола алады. Бұдан бөлек өнеркәсіптің өзге секторларында: электрмен жабдықтау; суды өңдеу және тарату; көлік, туризм, ақпарат және байланыс салаларында қызмет көрсетіп жүрген кәсіпорындар, білім, денсаулық және әлеуметтік қызмет саласында ғылыми-техникалық қызметпен кәсіби түрде айналысып жүрген кәсіпкерлерге де қолдау көрсетілетін болады.

Кандидат субсидия алу үшін екінші бағыт бойынша Кредиторлар комитетіне өтініш ететін және Кредиторлар комитетімен келісу кезеңін өтетін болғандықтан, құжаттарды «Даму» Қорының ЭДСМ-не ұсынуы және мемкомиссияның субсидия беру мүмкіндігін қарастыруын қоса алғанда 2 айдай уақыт кетеді. Алайда, кредитор лық берешек сомасы өтінімді К редитор лар к омитет іне берген кездегі күйімен тіркеледі және субсидия кандидаттың Банкпен келісілген өтінімін К редитор лар комитетiне берген кезден бастап есептелінеді.

Субсидиялау Банктердің (мақұлдау кезінде) бұрынғы кредиттері және жаңа берешек бойынша экономиканың басым секторларында жүзеге асырылатын Жоба мақұлданғаннан кейін туындайтын қолданыстағы кредит желісі аясында ғана жүзеге асырылады. Өтінімді қаржылық сауықтыру аясында 2010 жылы ғана беруге болады.

Мынадай кредиттер:

  • акцизделетін тауарлар шығаруды қарастыратын Жобаларға берілген;
  • тікелей кредитор - Мемлекеттік даму институттары болып табылатын кредиттер бойынша;
  • қаржы институттарының ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуге берілген с убсиди яланатын кредиттері субсиди ялануға жатпайды .

Мына Борышкер-кәсіпкерлер:

  • минералдық шикізат өңдеуші металлургия өнеркәсібінің және ірі салық төлеушілер Тізбесіне енгізілген;
  • қаржы - экономикалық ахуалдары және кредиттері мен өзге берешектері бойынша толық ақпарат беруге келіспеген;
  • Сауықтыру жоспарын Кредиторлар комитетімен келіспеген кәсіпкерлер субсиди ялануға жатпайды .

Активтер, шартты міндеттер сыныптамасы және провизия құру (резерв) Ережелеріне сәйкес сыныпталған қолданыстағы кез-келген :

  • стандартты ;
  • 1 - санаттағы күмәнді;
  • 2 -санаттағы күмәнді;
  • 3 -санаттағы күмәнді;
  • 4 -санаттағы күмәнді;
  • 5- санаттағы күмәнді;
  • сенімсіз қарыз деп есептелген қарыздар да субсидияланады .

Бір Кәсіпкер үшін субсидияланатын кредит сомасы бір жоба шеңберінде 3 млрд теңгеден аспауы тиіс. Бұл жерде кредит сомасы, Кәсіпкермен үлестес тұлғалар/компаниялардың кредиті бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі. Егер кредиттің жалпы сомасы 3 млрд. теңгеден асып кетсе, борышкер-Кәсіпкердің екінші бағыт бойынша қатыстырылуы туралы шешімді Мемлекеттік комиссия қабылдайтын болады .

Кредит бойынша сыйақының номиналды ставкасы жылдығы 12%-дан аспайтын кредиттер ғана субсидияланады, оның:

  • 7%- дан аспайтын бөлігін борышкер-Кәсіпкер төлейді ;
  • ал 5% - ын мемлекет өтейді.

Сонымен қатар, Банк:

  • кредиттеу шарттарының Борышкер-кәсіпкердің бастамашылығымен өзгеруіне байланысты;
  • Борышкер-кәсіпкердің кредит міндеттемелерін бұзу себебіне байланысты өндіріліп алынатын комиссия , алымдар және/немесе өзге төлемдерден басқа, кредитке байланысты ешқандай комиссия, алым және/немесе өзге төлемдер өндіріп алмайды.

Борышкер-кәсіпкер ең көп берешегі бар Банкке (егер Борышкер-кәсіпкердің бірнеше Кредитор банктерде бірдей берешегі бар болатын болса, онда ол өз қалауы бойынша солардың біреуіне өтініш жасайды):

  • Борышкерге төлемақы өсімін есептеместен бюджетке салық төлеу және өзге міндетті төлемдер (егер осындай төлемдері бар болса) (мекеме ұстап қалатын жеке табыс салығынан бөлек) бойынша мерзімін кейінге қалдыру туралы өтінімін;
  • Даму және қайта құрудың басты бағыттары (оның ішінде болжамды ұйымдық және құрылымдық өзгерістер, ақшалай түсімді көбейту әдістері мен әрекеттері, ұйымдардың шығындарын қысқарту, ұсынылып отырған өзгертулер/қайтақұрылымдаудың болжамды жүзеге асырылу мерзімдері және т.б.), жобаланып отырған өндірістік бағдарлама (егер бар болса), қаржы жоспары (инвестиция қажеттілігі және қаржыландыру көздерін қалыптастыру және т.б.) және т.с.с. тұратын үш жылға арналған сауықтыру жоспарын сауықтыру өтініміне бірге қосып, өтініш жасайды.

Субсидиялау мерзімі 3 жылдан аспауы тиіс .

Мемлекеттік комиссия субсидиялауды тоқтату және жаңарту туралы ақырғы шешімді Қаржы агенті мен Қазақстан Қаржыгерлері Қауымдастығы (ҚҚҚ) жанынан құрылған Уәкілетті органның өтініші негізінде ғана қабылдайды.

Субсидиялау мынадай жағдайлар анықталып жатса:

  • Борышкер-кәсіпкер Б анктік қарыз шартына сәйкес төлем кестесіне сай Банк алдындағы төлемдерін төлеу жөніндегі міндеттемелерін 3 (үш) ай бойы орындамаған болса,
  • ҚҚҚ / Кредитор-банк ұсынған, немесе «ДАМУ» Қоры белгілеген деректер бойынша сауықтыру жоспарын орындамаған жағдайда тоқтатылуы мүмкін .

3 бағыт

Сыртқы нарыққа бағдарланған өндірістерді қолдау

Кәсіпкерлер бұрынғы кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау бағдарламасына қатыса алады.

2010 жылы субсидиялау жылдығы кемінде 12% болатын сыйақы мөлшерлемесі бар кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін, оның кемінде 4%-ын экспортер төлейді, 8%-ын мемлекет өтейді.

Оның ішінде Банк:

  • кредиттеу шарттарының Экспортшының бастамашылығымен өзгеруіне байланысты;
  • Экспортердің кредит міндеттемелерін бұзу себебіне байланысты өндіріліп алынатын комиссия , алымдар және/немесе өзге төлемдерден басқа, кредитке байланысты ешқандай комиссия, алым және/немесе өзге төлемдер өндіріп алмайды .

Кредит бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесі 12% -дан төмен болатын болса, онда 8% мемлекет өтейді, ал айырмасын Экспорт тау шы төлейді.

Экономиканың барлық секторларында өндірілетін өнімінің 10% астамын шетке шығаратын кәсіпкерлер қолдау ала алады. Бұл мәліметтер борышкер-Кәсіпкерлердің «Даму» Қорына ұсынатын тоқсан сайынғы есептері негізінде тексеріледі, өз кезегінде «Даму» Қоры бұл мәліметтердің сәйкестігін анықтау мақсатында салық органдарына ұсынатын болады.

Бір экспорттаушы-Кәсіпкер үшін субсидияланатын кредит сомасы бір жоба шеңберінде 3 млрд теңгеден аспауы тиіс. Бұл жерде кредит сомасы, экспорттаушы-Кәсіпкермен үлестес тұлғалар/ компаниялардың кредиті бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі. Егер кредиттің/экспорттаушы-Кәсіпкердің жеке жобасына берілген негізгі қарыз бойынша берешегінің жалпы сомасы 3 млрд. теңгеден асып кетсе, экспорттаушы-Кәсіпкер субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдауды 3 млрд. теңгелік бір жобасына ғана алуға құқылы.

Субсидиялау мерзімі 1 жылдан 3 (үш) жылға дейін, кейіннен 10 (он) жылға дейін ұзартылуы мүмкін.

Банк терден алынған бұрынғы кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы қолдау көрсетіледі.

Экспорттаушы қолданыстағы кредит бойынша субсидия алу ниеті туралы және де субсидиялау мақұлданған жағдайда кредит сыйақысының мөлшерлемесін төмендету туралы банкке өтініш жасайды.

Кәсіпкер субсидия алған жағдайда, Банк сыйақының номиналды мөлшерлемесін 12%-ға дейін төмендету/төмендетпеу туралы мәселені қарастырады. Банк қабылданған шешімді экспорттаушы-Кәсіпкерге жолдайтын жауап-хатында толық көрсетеді.

Экспортаушы Банктің оңтайлы жауабы қабылданған хатын алғаннан кейін жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісіне төмендегі құжаттарды бірге қосып, өтініш жасайды:

Субсидиялауды тоқтату немесе қайта жаңғырту туралы ақырғы шешімді «Даму» Қоры мен Қазақстан Қаржыгерлері Қауымдастығы (ҚҚҚ) жіберген хабарлама (өтініш) негізінде ЭДСМ ғана қабылдайды.

«Даму» Қоры экспорттаушы-Кәсіпкердің Банктік қарыз шартына сәйкес Банк алдындағы төлемдерін төлеу жөніндегі міндеттемелерін 3 (үш) ай бойы орындамаған жағдайда экспорттаушы-Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтатуға құқығы бар.

«Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасын іске асыру барысында Қаржы агентінің функциясын орындайды, атап айтқанда:

  • қаражатты субсидиялау бағдарламасы бойынша Банкке аударуды жүзеге асырады;
  • Бағдарламаға қатысушылардың Банктер алдындағы кредиттері бойынша кепілгер ретінде әрекет етеді;
  • Банк тер мен Жобаларға мониторинг жүргізеді .

«Бизнестің жол картасы- 2020» Бағдарламасының аясында 2010 жылға жоспарланған 30 млрд. теңге қаражат үш бағыт бойынша таратылады:

· жаңа бизнес-бастамаларды қолдау үшін 12 млрд теңге бөлінеді;

· кәсіпкерлік секторын сауықтыруға 16 млрд теңге бөлінеді;

· өнімін шетке шығаруға бағдарланған өндірістерді қолдауға 2010 жылы 2 млрд теңге бөлінеді.

Бағдарламаның талаптарына сай келетін барлық кәсіпорындар қолдаудың барлық түрін бір уақытта ала алады. Бағдарламаның шарттары бойынша қолдаудың барлық түрін алу үшін ешқандай шектеу жоқ. Шикізат емес сектордағы қолданыстағы кәсіпорында, мысалы тамақ немесе химия өнеркәсібінде, іске асыру үшін жаңа жоба бар делік. Олар өз идеясын Аймақтық Үлестіру кеңесіне шығарады, ол жерден кепілдік беру жөнінде қолдау табады, содан кейін банкте жаңа кредит ресімдейді де жұмысқа кіріседі. Осы кәсіпорынның басқа аймақта жұмыс істеп тұрған өндірісі болуы мүмкін делік, ол жобаға алынған бұрынғы бар кредиті бойынша да субсидиялау мүмкіндігі бар.

«Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» бағыты бойынша өтінім беретін Банктерге қарызданып қалған корпоративтік клиенттердің көпшілігінде шығарылған облигациялары бар. Осы облигаци ялық қарыздар бойынша олар қайтақұрылымдау, яғни, өтем мерзімін ұзарту процессін бастан кешуде. « Бизнес тің жол картасы- 2020 » Бағдарламасында Мемлекеттік комиссия жанынан ірі корпоративтік клиенттерді сауықтыруды қарастыратын арнайы топ құрылатыны жайлы анық айтылған .

Бұл облигация ұстаушылары үшін өте пайдалы. Борышкер-Кәсіпорынның қанша және кімге қарыз екендігі Қазақстан Қаржыгерлер Ассоциациясы жанындағы Кредиторлар Комитеті жиынында айқын болады. Банк бұл кәсіпорынның облигациялық қарыздар бойынша сыйақы төлеу мерзімін қанша рет өткізіп алғандығын білетін болады, ал құнды қағаз иеленушілері – Зейнетақы қорлары және өзге инвесторлар – тізімнен олар алған кредитті көріп, сауығу үдерісінің басталғанына көз жеткізеді, ал эмитентті банкрот деп жарияламайды . Бұл келіссөздер үстеліне отыру және қайтақұрылымдау шарттарын қарастыру үшін көптеген инвесторларға сабақ та болатыны анық.

Өтінімнің қарастырылуы ұзақ болмайды, қарыз алушы Кәсіпкер ары кеткенде екі ай ішінде қажетті шешімді қолына алатын болады.

«Бизнестің жол картасы- 2020» Бағдарламасы аясындағы субсидия – бюджеттен қайтарымсыз берілетін кредит бойынша сыйақының бөлігі. Алайда қарыз алушы негізгі борышты өзі қайтарады, сол себепті барлық қайтарылмау тәуекелі Банкте қалады. Мұндай жағдайда Банктің бастапқы келісімі оның қарыз алушыларды құтқарып қалу және оларды қолдау бағдарламасына тарту ниетін білдіреді.

Егер жоба пысықталған, оның кепілдік қоры жақсы және келешегінің негізі мықты болса , Банктер оны міндетті түрде қаржыландырады.

« Бизнестің жол картасы-2020 » Бағдарламасы аясында жаңа бизнес- бастамаларды, оның ішінде старттық бизнесті қолдау үшін, біраз қаржылай қолдаумен қатар қаржылай емес қолдау құралдары да қарастырылған. Біріншіден, мемлекет сыйақы төлемі бойынша шығыстардың біраз бөлігін, атап айтқанда, егер кәсіпкер жобасын іске асыру үшін Банктегі қарыз қаражатын пайдаланатын болса, 12% -дан аспауы қажет жылдық сыйақы мөлшерлемесінің 5%- ын субсидиялауға дайын. Екіншіден, егер ісін жаңадан бастаушы кәсіпкердің кредит алуы үшін кепілдік қамтамасыздығы жеткіліксіз болса, мемлекет қарыз сомасының 50%-на дейінгі сомаға кредитор алдында тегін кепілгер болуға дайын. Үшіншіден, мемлекет жоба үшін жеткіліксіз инфрақұрылымды (жолдарды, коммуникацияларды) жүргізуді жергілікті атқару органдары арқылы жүзеге асырады. Бизнеске консалтингтік қызмет, заңи және бухгалтерлік қызмет көрсету және т.с.с. сервистік қолдау да көрсетіледі. Сонымен, «Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасының мақсаты, бірінші кезекте, қызметін МҮИИБ-на сәйкес экономиканың шикізат емес секторларында жүзеге асырып жүрген кәсіпкерлерді қолдау болып табылады