«AR - MED» медицина орталығы ашылды.

«AR - MED» медицина орталығы ашылды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – ұлттық жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алып, Асықата кенті әкімдігінен қолдау тауып 2017 жылдың 13 шілдесі күні «AR - MED» медицина орталығының ашылды. Жеке кәсіпкер Арынбаев Нурлан өз қаражатымен Асықата кенті Казыбек би көшесінен медицина орталығын халыққа пайдалануына беріп отыр. Салтанатты ашылуға келушілердің қарасы қалың. Халыққа осындай пайдалы әлеуметтік медициналық орталықтың ашылғандығына жергілікті тұрғындардың көңіліне қуаныш сыйлап отыр. Себебі осы мекемеде көрсетілетін медициналық емдеулер алу үшін ұзаққа бармай-ақ тұрғылықты жерде де ем қабылдауға болады. Жеке кәсіпкерге алғыстарын білдірген халық жұмыстарына сәттілік тілеп, басқа да кәсіпкерлерге осындай әлеуметтік нысандарды көптеп ашуға шақырды. Қазіргі таңда, «AR - MED» медицина орталығы 12 адамды жұмыспен қамтып, халыққа төмендегі қызметтерді көрсетуде.

1. Дәріхана
2. Тіс емханасы
3. УЗИ
4. Ем қабылдау бөлмесі
5. Күндізгі стационар
6. Массаж
7. Невропотолог
8. Акушер
9. Зертхана (барлық түрлері)
10. Сүлікпен емдеу
11. Банкімен емдеу

(с) Асықата кенті әкімдігі

 

(C) Асықата кенті әкімдігі

Пікірлер

ПІКІР ҚАЛДЫРУ